Генферон лайт® 125 000 ME | Как лечить ОРВИ
preloader

ЖРВИ дегеніміз не?

ЖРВИ – тұмауды қоса, жедел респираторлық вирустық инфекциялар – бұл көбінесе ауа-тамшы арқылы берілетін әлемдегі ең көп таралған аурулар тобы. ЖРВИ қоздырғыштары тыныс алу мүшелерін зақымдайтын вирустар болып табылады.

ЖРВИ белгілері

  • Түрлі айқындылық дәрежесіндегі уыттану симптомдары

    • сылбырлық
    • жалпы әлсіздік
    • бұлшықеттің ауыруы
    • бас айналу
    • тәбеттің нашарлауы
    • қозғалыс белсенділігінің төмендеуі
  • бас ауыру
  • Аурудың жедел, қарқынды басталуы (тұмау вирусына тән)
  • Температураның жоғарылауы, қалтырау
  • суық тию, түшкіру, жөтелу, тамақтың ауыруы
  • Іш өту (А тұмауы вирусында болуы мүмкін)

ЖРВИ мен суық тиюдің айырмашылығы неде?

Жедел респираторлық вирустық инфекцияға (ЖРВИ) себеп вирус болып табылады. Суық тию көбінесе баланың ағзасының қатты салқындауымен байланысты болады. Алайда организмнің қорғаныс күші төмендеуі аясында және иммунитеті әлсірегенде бала суық тию ауруларының саны маусымдық артқанда вирустық инфекцияның даму қаупі жоғарылайды.

Доңыз тұмауы! Ауру ағымының ерекшеліктері:

Тұмау вирусынан туындаған аурулар оның ағымының кейбір ерекшеліктеріне байланысты респираторлық вирустық инфекциялардың айрықша тобы ретінде жүреді.

Тұмау вирусынан туындаған аурулар оның ағымының кейбір ерекшеліктеріне байланысты респираторлық вирустық инфекциялардың айрықша тобы ретінде жүреді Әдетте, тұмау аурудың барынша “жедел” басталуымен сипатталады: тап солосы жағдайда дене температурасы ең жоғарғы көрсеткіштерге жетеді (39 градус және одан жоғары), ал аурудың басқа түрлері (адено-, риновирустық инфекция және т.б.), сирек 38-38,5 градустан асатын температураның жоғарылауына түрткі болады.

Тұмау асқынулардың дамуына жиі себеп болады. Бұл дәлел әсіресе доңыз тұмауына тиесілі А серотипі тұмауының вирустарына қатысты әділ берілген (А/H1N1, A/H1N2 және т.б.).

Доңыз тұмауында жалпы зақымдану механизмі вирустың басқа да штаммдарымен жұқпа жұқтырған кездегі механизмге ұқсас: инфекцияның зақымдайтын алғашқы «нысанасы» тыныс алу жолдарының эпителийі болып табылады, онда әрі қарай вирус көбейеді. Осы кезеңге: уыттану, дене температурасының күрт жоғарылауы, мұрынның бітелуі, айқын бас ауыруы, бұлшықеттің ауыруы, қалжырау сезімі сияқты симптомдар тән, мұрыннан қан кетуі мүмкін. Доңыз тұмауының ағымы әсіресе екіжақты пневмония сияқты әлеуетті қауіпті ауруларды қоса, төменгі тыныс алу жолдары – бронх пен өкпе тарапынан болатын асқынулардың көп бөлігімен ерекшеленеді. Бұл ретте асқынулар тез— бастапқы 2-3 тәулікте дамуы мүмкін.

Доңыз тұмауы вирусының штаммдары туғызған тұмаудың ерекшеліктері вирустың бұл түрінің (NS1) ерекше ақуызының зақымданған организмде интерферонның табиғи қорғаныс ақуызын өндіруге кедергі келтіру қабілеті болып табылады. Организмдегі вирус түрткі болған интерферонның жеткіліксіздігін толтыру үшін доңыз тұмауында вирусқа қарсы иммуномодуляциялайтын препараттар пайдалану керек, олардың белсенді компоненті интерферон альфа-2b болып табылады.

Осындай дәрілердің қатарына балалардың өмірінің алғашқы күнінен бастап қолдануға рұсқат етілген Генферон® лайт 125 000 ХБ жатады. Генферон® лайт құрамына кіретін интерферон альфа-2b сау жасушалардың зақымдануына кедергі келтіре отырып, доңыз тұмауы вирусының тіршілік циклінің барлық сатыларын жою есебінен тікелей вирусқа қарсы әсер көрсетеді. Генферон® лайт құрамындағы екінші белсенді компонент таурин өзінің антиоксиданттық қасиеттерінің есебінен қабыну үдерісінің айқындылығын төмендетеді және зақымдалған тіндердің жазылуын көтермелейді. Осылайша, доңыз тұмауы жағдайында Генферон® лайт вирустың өзіне тікелей әсер ете отырып, сондай-ақ организмдегі вирус түрткі болған бұзылуларды болдырмай, этиопатогенетикалық емдеу рөлін атқарады, бұл тек қана сауығуға ғана емес, асқынулардың даму қаупінің төмендеуіне де ықпалын тигізеді.

Тұмаудың вирустарымен қозған аурулар ағынның кейбір ерекшеліктеріне қарай респираторлық вирустық инфекциялардың ерекшеленген тобы ретінде орын алады.

Әдеттегіше, аурудың «қатты» басталуымен сипатталады: тап сол жағдайда дене температурасы максималды көрсеткіштерге жетеді (39 градус әрі одан жоғары), ал сонда аурудың басқа нысандары (адено-, риновирус инфекция және т.б.), кейде 38-38,5 градустан асатындай, температураның жоғарылауына түрткі бола алады.

Тап осы тұмау көптеген ушығулардың жиі кезігетін себебі бола алады. Әсіресе бұл тұжырым А серотипінің тұмау вирустарына қатысты әділ болады, оған торай тұмауы да жатқызылған (А/H1N1, A/H1N2 және т.б.).

Торай тұмауы кезінде зақымданудың жалпы механизмі вирустың басқа да штаммдарымен инфекцияланғандағы механизмге сәйкес келеді: инфекцияның зақымдайтын алғашқы «нысанасы» ол – тыныс алу жолдарының эпителиялары, дәл сонда вирустың көбеюі орын алады. Сол кезеңге дейін мынадай симптомдар орын алады: интоксикация, дене қызуының тез көтерілуі, мұрынның бітелуі, мазалайтын бас ауруы, бұлшықеттердегі ауырсыну, қатты әлсіреу, мұрыннан қан кетуі де мүмкін. Торай тұмауының жүруі асқынуының жиілігімен ерекшеленеді, әсіресе тыныс алу жолдарының төменгі жағында орын алады – олар, бронхылар мен өкпе, тіпті тым қауіпті екі жақты тпневмония да бола алады. Бұл реттеасқынулары едәуір тез дамуы да мүмкін — бастапқы 2-3 тәулікте болады.

Тора тұмауының вирусының штаммы қоздырған тұмаудың ерекшелігі болып табылатын – зақымданған ағзада интерферонның алуан түрлі табиғи ерекше қорғағыш ақуызының (NS1) қарсы тұру қабілеті болып табылады. Вирустың ағзадағы тудырған интерферонның тапшылығының орнын толтыру үшін, торай тұмауы кезінде, белсенді компоненті альфа-2b болып табылатын иммунмодельдегіш вирусқа қарсы препараттарды қолданған орынды болады.

Осындай заттардың қатарына, нәрестелерге туғаннан бастап нәрестелерге пайдалануға рұсқат етілген Генферон® лайт 125 000 МЕ жатқызылады. Генферон® лайт құрамына енетін интерферон альфа-2b сау жасушалардың зақымдануына кедергі келтіретін торай вирусының өмір циклындағы барлық сатыларда жою есебінен тікелей қабынуға қарсы әрекет бере алады. Генферон® лайт құрамындағы екінші белсенді зат Таурин, өзінің антиоксиданттық қасиеттерінің есебінен қабыну процессінің ауырлығын кемітеді әрі зақымданған тіндердің жазылып кетуін ынталандырады. Сөйтіп, торай тұмауы бола қалған жағдайда Генферон® лайт вирустың өзіне дәл тікелей әрекет ете отырып, сондай-ақ ағзадағы вирус қоздырған бүлінулерді болдырмастан, этиопатогенетикалық терапияның ролін атқарады, яғни тек қана сауығуға септігі тигізіп қана қоймай, қабынулардың даму қатерінің кемуіне апарады.

Тұмаудың вирустарымен қозған аурулар ағынның кейбір ерекшеліктеріне қарай респираторлық вирустық инфекциялардың ерекшеленген тобы ретінде орын алады.

Әдеттегіше, аурудың «қатты» басталуымен сипатталады: тап сол жағдайда дене температурасы максималды көрсеткіштерге жетеді (39 градус әрі одан жоғары), ал сонда аурудың басқа нысандары (адено-, риновирус инфекция және т.б.), кейде 38-38,5 градустан асатындай, температураның жоғарылауына түрткі бола алады.

Тап осы тұмау көптеген ушығулардың жиі кезігетін себебі бола алады. Әсіресе бұл тұжырым А серотипінің тұмау вирустарына қатысты әділ болады, оған торай тұмауы да жатқызылған (А/H1N1, A/H1N2 және т.б.).

Торай тұмауы кезінде зақымданудың жалпы механизмі вирустың басқа да штаммдарымен инфекцияланғандағы механизмге сәйкес келеді: инфекцияның зақымдайтын алғашқы «нысанасы» ол – тыныс алу жолдарының эпителиялары, дәл сонда вирустың көбеюі орын алады. Сол кезеңге дейін мынадай симптомдар орын алады: интоксикация, дене қызуының тез көтерілуі, мұрынның бітелуі, мазалайтын бас ауруы, бұлшықеттердегі ауырсыну, қатты әлсіреу, мұрыннан қан кетуі де мүмкін. Торай тұмауының жүруі асқынуының жиілігімен ерекшеленеді, әсіресе тыныс алу жолдарының төменгі жағында орын алады – олар, бронхылар мен өкпе, тіпті тым қауіпті екі жақты тпневмония да бола алады. Бұл реттеасқынулары едәуір тез дамуы да мүмкін — бастапқы 2-3 тәулікте болады.

Тора тұмауының вирусының штаммы қоздырған тұмаудың ерекшелігі болып табылатын – зақымданған ағзада интерферонның алуан түрлі табиғи ерекше қорғағыш ақуызының (NS1) қарсы тұру қабілеті болып табылады. Вирустың ағзадағы тудырған интерферонның тапшылығының орнын толтыру үшін, торай тұмауы кезінде, белсенді компоненті альфа-2b болып табылатын иммунмодельдегіш вирусқа қарсы препараттарды қолданған орынды болады.

Осындай заттардың қатарына, нәрестелерге туғаннан бастап нәрестелерге пайдалануға рұсқат етілген Генферон® лайт 125 000 МЕ жатқызылады. Генферон® лайт құрамына енетін интерферон альфа-2b сау жасушалардың зақымдануына кедергі келтіретін торай вирусының өмір циклындағы барлық сатыларда жою есебінен тікелей қабынуға қарсы әрекет бере алады. Генферон® лайт құрамындағы екінші белсенді зат Таурин, өзінің антиоксиданттық қасиеттерінің есебінен қабыну процессінің ауырлығын кемітеді әрі зақымданған тіндердің жазылып кетуін ынталандырады. Сөйтіп, торай тұмауы бола қалған жағдайда Генферон® лайт вирустың өзіне дәл тікелей әрекет ете отырып, сондай-ақ ағзадағы вирус қоздырған бүлінулерді болдырмастан, этиопатогенетикалық терапияның ролін атқарады, яғни тек қана сауығуға септігі тигізіп қана қоймай, қабынулардың даму қатерінің кемуіне апарады.

ЖРВИ қалай емдеуге болады?

Аурудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін емдеуді бірден бастау қажет.

Науқас бала жатқан бөлме жақсы желдетілуі тиіс, оңтайлы температура 20-22°С-ден аспауы қажет, ал бала ұйықтап жатқанда төмен болуы мүмкін. Бұдан бөлек, бөлмеге ұдайы ылғалды тазалық жүргізілуі тиіс.

Баланың температурасы жоғарылағанда
не істеу керек?

Қызба – қорғаныс реакциясы: көптеген бактериялар мен вирустар жоғары температурада қырылады. ЖРВИ көп жағдайда дене температурасы сирек 39,5°С асады, бұл 3 айдан асқан балаға қандай да бір қауіп төндіре алмайды. Сондықтан, ЖРВИ кезінде ыстық түсіретін дәрілерді балаларға мына ережелер бойынша беру ұсынылады:

3 айға дейінгі балаларға:

  • дене температурасы 38,0°С жоғары болғанда
3 айдан асқан балаларға:

  • дене температурасы 39,0°С жоғары болғанда
  • бұлшықет сырқырағанда
  • қалтырағанда
  • бас ауырғанда.
Ауыр дәрежедегі жүрек және өкпе аурулары бар балаларға:

  • дене температурасы 38-38,5°С жоғары болғанда.

Баланың дене температурасы орташа жоғарылағанда асқынулар болмаса баланың денесін жалаңаштап, бөлме температурасындағы сумен сүрту керек: көбінесе температураны түсіру үшін осы жеткілікті. Ыстық түсіретін дәрілерді жоғарыда көрсетілген деңгейге дейін дене температурасы қайта жоғарылағаннан кейін ғана қолдану керек.

3 күн бойы дене температурасы 38,0°С жоғары болып сақталса, шығу тегі бактериялық ауруды жоққа шығаруға болмайды, бұл қосымша тексеруден өту және емдеуді түзету мақсатында дәрігерге қаралу қажеттігін білдіреді.

Балалар үшін вирусқа қарсы дәрілерді қалай таңдау керек?

Вирусқа қарсы препараттардың көпшілігі вирустардың шектеулі санына қатысты әсер етеді, бұл ретте вирусты зертханалық анықтау ұзақ уақыт алуы мүмкін. Бірақ, әдетте мұнша уақыт ата-анада жоқ! Сәбиді симптомдар туындағаннан кейін алғашқы сағатта-ақ емдей бастау керек.

Сондықтан кішкентай балаларда ЖРВИ болғанда негізінен бір мезгілде вирустардың ауқымды санына қатысты әсер ететін препараттар пайдаланылады.

Бірінші кезекте бұл адамның рекомбинантты интерфероны негізіндегі препараттар, оларға бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ЖРВИ кешенді емдеуге арналған қолдануға ұсынылған Генферон® лайт препараты жатады.

Генферон® лайт препараты вирусқа қарсы және иммуномодуляциялайтын әсерге ие. Ол вирустардың ауқымды спектріне қатысты әсер етеді, сондықтан оны қоздырғышты анықтағанға дейін де кез келген ЖРВИ тағайындауға болады.

* * Нұсқаулығын жүктеп алу
Бірегей дозалау 125 000 МЕ – баланың ағзасына дәрілік жүктеме кемітіледі
1 қаптама – толық емделу курсы. Қабылдау сызбасы: 5 күн бойы 1 түйірден күніне 2 рет
Құрамы (1 суппозиторий): Интерферон а-2b 125 000 МЕ + Таурин 0,005г
Туған сәтінен бастап вирустық инфекциялардан жайлы емделу
+2 бастап +8°С температурасында сақтау керек
Түйірлердің оңтайлы қалпы – жайлы енгізу. Иісі жоқ, саусақта ери бастамайды.

(Русский) Всплывающее пояснение при наведении

Неліктен интерферон?

Интерферон – бұл вирустың өтуіне жауап ретінде адамның организмінде түзілетін ақуыз. Ол қорғағыш ретінде әсер етеді – вирустардың сау жасушаларға түсуіне және организмде көбеюіне кедергі келтіреді. Интерферонның баланың иммундық жүйесінің қалыптасуына жағымсыз әсері жоқ. Керісінше, баланың иммунитетін белсендіреді және организмнің вирус әсеріне төзімділігін арттырады.

Генферон® лайт препаратында интерферон гендік инженерияның әдісімен алынған және адамның ақуызына барынша жақын, соның арқасында балада аллергия туындау қаупі төмен.

Генферон® лайт 125 000 ХБ – өмірінің алғашқы күнінен бастап балаларда ЖРВИ және тұмаудың алғашқы белгілерінде
Кеңес алу

ЖРВИ және тұмауда Генферон®
лайтты қалай қолдануға
болады?

Өмірінің алғашқы күнінен бастап, 5 күн бойы күніне 2 рет 1 свечадан

12 сағат
5 күн

Құрамы (1 свеча):

Интерферон α-2b 125 000 ХБ +
Таурин: 0,005г

Генферон® лайт препаратының құрамына рекомбинантты интерферон альфа-2b және амин қышқылы таурин кіреді. Интерферон вирусқа қарсы жоғары белсенділікке және айқын иммуномодуляциялайтын әсерге ие, амин қышқылы тауриннің антиоксиданттық әсері бар, жасушалық алмасуды қалпына келтіреді, тіндердің репарациялануына ықпал етеді. Интерферон мен тауриннің үйлесуі инфекция көріністерінің тез басылуын қамтамасыз етеді.

Неліктен аналар сенім
білдіреді

  • Кез келген сатысында вирустық инфекцияның дамуын тоқтатады
  • Сауығу процессін жеделдетеді
  • Нәрестенің иммундық жүйесін, қорғаныстың физиологиялық механизмдерінқалпына келтіреді
  • Генферон® лайт құрамындағы таурин антиоксиданттық және үлдіртүзетін қасиеттерге ие
  • Генферон® лайт түйірлерінің оңтайландырылған қалпы жайлы, қауіпсіз әрі ауырсынбайтындай енгізуді қамтамасыз ете алады
  • • Гипоаллергенді құрам*

* препараттың кейбір компонеттерін жеке көтере алмаушылықты санамағанда, аллергияны қоздырмайды (жиілігі 10 000 жағдайға 1-ден кем емес)

Балаларда ЖРВИ және тұмау болғанда свечаларды қолданудың артықшылықтары:

  • Дәрінің тік ішекте сіңірілуі дәріні ішке қабылдағанға қарағанда жылдамырақ жүреді, сондықтан препарат қан ағымына тез түсіп, әсер ете бастайды
  • Интерферонды вена ішіне енгізу балада стресс туғызуы және оның жай-күйін нашарлатуы мүмкін
  • Дәрінің дәмін, иісін сезу проблемалары болмайды
  • Свечаларды басқа түрдегі препараттармен қолдануға болады

Неліктен педиатрлар Генферон® лайтқа сенеді?

Генферон® лайтпрепаратына 9 клиникалық зерттеу жүргізілді, жалпы саны 912 адам қатысты, олардың 722-сі – емшек еметін жастағыларды қоса, балалар. Барлық клиникалық зерттеулер халықаралық ұсыныстарды және жетекші емдеу мекемелерінің негізіндегі ресейлік стандарттарды ескере отырып жүргізілді.

Пайдалы кеңестер :

Тамақ тез сіңірілетін болуға тиісті, мысалы, дәрумендерге бай сүтті-өсімдікті диета, бұл ретте өте салқын немесе ыстық азық-түлікті қолдану ұсынылмайды, себебі бұл ауыз қуысының бөгеттік функциясын төмендетуі мүмкін. Бала тамақтанудан бас тартқанда оны мәжбүрлеп тамақтандыруға болмайды,ең дұрысы оған өзіне ұнамды тамақтарын ұсынған жөн. Әдеттегі ьолыққанды рацион сақталғанда дәрумендерді тағайындау артық болады.

Суық тигенде мұрынды тұзды ерітіндінің тамшыларымен шайып отырған жөн, сонымен қатар аурудың алғашқы 2-3 күнінде мұрынның айқын бітелуінде қолданылатын балаларға арналған қан тамырларын тарылтатын мұрынға тамызатын тамшыларды пайдалануға болады. Олар риниттің клиникалық көріністерін кетіріп қана қоймай, синусит, евстахиит пен отит секілді күрделі асқынулардың дамуының алдын алады.

Суық тиюге арналған көптеген препараттарда жасына қарай шектеулер болады, сондықтан да қолданар алдында нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Қан тамырларын тарылтатын мұрынішілік препараттарды 5-7 күнен астам уақыт пайдалануға болмайды, өйткені ол емдеу тиімділігінің айқын төмендеуіне әкеледі.

2 жастан асқан балаларда мұрынның шырышты қабығы тарапынан құрғап кету, ашыту айқын болғанда құрамында эфир майларының (эвкалипт, түймедағы, қарағай) кешені бар жәнеі қабынуға қарсы, антисептикалық әсерлері бар жақпамай немесе тамшылар түріндегі препараттарды қолдану дәлелденген.

Жөтел – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіруге бағытталған рефлекс.
ЖРВИ кезінде жөтелгенде суық тигенде емдеудің жалпы ұсыныстарын сақтауға тырысу қажет болады – яғни, ылғалды ауаның келуін қамтамасыз ету әрі балаға жиі су беріп отыру.
Ылғалды жөтел кезінде жөтелге қарсы препараттарды тағайындамайтынын білген маңызды. Сондықтан да балаға жөтелін жеңілдету үшін дәрілік затты таңдау кезінде әрбір нақты жағдайда, дәрігермен кеңесіп отырған жөн.

Балада тұтқыр қақырықты құрғақ жөтел болғанда қақырықты сұйылтуға арналған муколитиктерді қолданған орынды болады. Қақырықсыз, тұтқыр құрғақ жөтелі бар балаларға қақырық түсіретін дәрілік заттарды тағайындаған орынды болады. Аллергиясы бар балаларға фитопрепарат (шөптесін) дәрмектерді абайлап тағайындау керек. Заманауи технологияларды қолдана отырып табиғи өсімдікті шикізаттардан жасалған препараттарды ұсынуға болады (шырмауық жапырақтарының және т.б. сығындысы). Қақырық түсіретін және қақырықты сұйылтатын дәрілік заттарды үйлестіру мүмкін болады.
Қақырықты сұйылтатын препараттар мен жөтел рефлексін басатын препараттарды бірге қабылдауға болмайды. Бұл қақырықтың бронхтарда іркіліп қалуына әкеп соқтырады (тыныс алу жолдарының «саздануы») және бактериялық ушығудың, соның ішінде пневмонияның қатерін арттырады. Сондықтан да жөтелге қарсы препараттарды тағайындау үшін дәрігердің кеңесі қажет.

Халық медицинасында да құрғақ жөтел мен тамақ ауыруын жеңілдету үшін көптеген ұсыныстар бар. Ең танымалдары – бір шай қасық бал мен сары май түйірі қосылған бір стақан жылы сүт, бал қосылған жүзім шырыны, бал қосылған қара шомыр.
Сонымен қоса, қайнатпалар мен шөптер, соның ішінде өгейшөп, қырмызы, қызылмия, саз қазанақ, жалбызтікен, шайқурай, жолжелкен мен киікоты сияқты муколитикалық, қақырық түсіретін әрі антисептикалық әрекеттері бар шөптесін өсімдіктердің қоспасын қамтитын дайын өкпе жинағының негізіндегі шөптердің тұндырмалары белсенді пайдаланылады. Жөтелден емдейтін тағы бір халық емі түрлі ингаляциялар. Мысалы, алдын ала суы сарқылған, қабығымен бірге пісірілген картоптың буын, сілтілі минералды сумен немесе ас содасының ерітіндісімен қыздырылған бу ингаляциясын тыныстау керек. Емдік шөптердің, сәлбеннің және түймедағының қайнатпаларын ингаляциялаған өте жақсы. Алайда, аллергиясы болғанда халық емін пайдаланбаған жөн. Сонымен қатар, температурасы көтеріліп тұрғанда, ингаляция жасауға да болмайды. Қақырықтың кетуін және бронхтардың тазартылуын жақсарту үшін мынадай физикалық әдістер де ұсынылады: постуральдық дренаж – денені арнаулы жағдайда ұстау, мәселен, анасының тізесінде баланы басымен төмен ұстап, арқасына шалқайту, бүйірлеріне және қарнына әр 1-2 минут сайын аударыстырып отыру, және виброуқалау – арқасынан алақанмен абайлап соққылау әрі саусақтармен арқадан ұрғылау қақырықтың шығуын жақсарта түседі.

Ішек жасушаларына әсер ететін респираторлық симптомдармен қатар жүретін кейбір вирустардың қабілетіне байланысты, мысалы, ротавирустық және аденовирустық инфекцияларда іш өтуінің дамуы мүмкін. Бұл симптом суық тию ауруларына тән басқа да құбылыстармен қатар білінеді және көп жағдайда арнайы емдеуді қажет етпейді. Барынша жеңіл диета арқылы тамақтану режимін түзетіп алуға да болады, ал бала ондай тамақтанудан бас тартқанда, – мәжбүрлеу керек емес. Су балансын қалпына келтіру мақсатымен, молынан су беріп отырған жөн. Вирустық инфекцияны әдеттегі ЖРВИ емдегендей, тікелей вирусқа қарсы препараттардың көмегімен емдеу қажет. Атап айтқанда, Генферон® лайт препараты балаға ішек (соның ішінде ротавирустық) инфекциясымен анағұрлым тезірек жазылуына жәрдемдеседі.

Сұйық нәжіс жағдайда, әсіресе құсумен бірге болғанда баланың организмі тез сусыздануы мүмкін. Сондықтан организмдегі сұйықтық мөлшерін қалпына келтіруден бөлек, сулы-тұзды теңгерімді вена ішіне тұзды ерітінділерді енгізу арқылы қалпына келтіретін дәрігер көмегі қажет болуы мүмкін.

Балалардың жартысынан астамында туғаннан кейінгі алғашқы үш жылда күрделі асқынулардың дамуымен қатар жүретін ЖРВИ ауыр ағынының жағдайлары байқалады. Көптеген жағдайларда асқынулар ауырудың 5-7 тәулігіне қарай дамиды. ЖРВИ кезінде иммунитеттің әлсіреуі аясында бактериялық инфекция да қосылуы мүмкін, сондықтан ЖРВИ кешенді емдеу барысында баланың иммунитетін демеп отыру маңызды. Құрамында интерферон мен таурин бар Генферон® лайт препараты аурудың мерзімін қысқарта отырып және асқынулардың туындау мүмкіндігін төмендете отырып, вирусқа қарсы және иммуномодуляциялайтын әсер көрсетеді.

Сонымен қатар, ЖРВИ емдегенде ыстық түсіретін препараттарды шамадан тыс қолдануға болмайды, оны қабылдау қызбаның болмауы тұрғысында тек көзге көрінетін жағымды әсер құруы мүмкін, шын мәнінде ол жай ғана басылған. Егер жоғары температура 3 күннен астам уақыт жалғасса, баланы міндетті түрде дәрігерге көрсету керек!

Сауығу кезеңінде ең бастысы организмнің толығымен емделуі жайлы ұмытпаған жөн – құрамында өсіп келе жатқан организмге қажетті витаминдер мен микроэлементтер бар толыққанды тамақтану, таза ауада серуендеу және жасына сәйкес дене жүктемелері, шынықтару және т.б.

Профилактика / Қалай ауырмауға болады?

  • Адам көптеп жиналатын жерлерге баламен бармаңыз
  • Тұмауға вакцинация жасатыңыз
  • Арнайы ерітінділермен және спрейлермен мұрын мен тамақты шайыңыз
  • Баланың жалпы иммунитетін демеп отырыңыз (мысалы, дәрумендер қабылдаңыз)
  • Вирусқа қарсы және иммуномодуляциялайтын ем жүргізіңіз (өмірінің алғашқы күнінен бастап балаларға арналған интерферон негізіндегі Генферон® лайт 125 000 ХБ препараты)
  • Баламен үнемі дене жаттығуларын жасаңыз, шынықтырыңыз, таза ауада серуендеңіз

Егер Сіздің нәрестеңізге ЖРВИ жұққан болса, онда өз иммунитетіңізді нығайтыңыз, себебі балаңыз сауыға бастағанда сіз оған қайта жұқтыруыңыз мүмкін Профилактика үшін Генферон® лайт спрейін тәулігіне 2 рет әр мұрын жолына 1 дозадан 5-7 күн бойы қолданыңыз (ересектер мен 14 жасқа толған балаларға арналған).

Статистикалық ақпарат

Балаларда ЖРВИ инфекциялық аурулар ішінде ауқымды екені белгілі (шамамен 90%). Бұл ретте бұл инфекциялар үшін барынша әлсіз келетін жас тобы 7 жасқа дейін балалар болып табылады: бұл кезеңде аурудың ең жоғарылығы байқалады, ол орта есеппен жылына 4-тен 6 көрініске дейін құрайды, сондай-ақ асқынулар дамуының жиілігі жоғары.

ЖРВИ мен тұмаудың ұзақтығы:

ЖРВИ орташа ұзақтығы 3-10 тәулік, тұмау – 1,5-2 апта.

Тұмаудан соң бірнеше күн ішінде және кейде апталап жоғары қажу, әлсіздік сақталуы мүмкін.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолдануға болмайтын жағдайлары бар ма?

Интерферонның және препараттың құрамына кіретін басқа да заттарға жеке көтере алмаушылық болғанда ғана болады

Препараттың құрамына таурин қандай мақсатта енгізілген?

Таурин амин қышқылы антиоксиданттық қасиеттерінің арқасында интерферонның әсерін күшейтеді

Антибиотиктер мен Генферон®лайтты бір мезгілде қолдану мүмкін бе?

Генферон® лайт бактерияға қарсы препараттармен жағымсыз әрекетке түспейді, керісінше ішек инфекциялары кешенді емдеу құрамында аралық бактерияға қарсы әсерінің арқасында ол антибиотиктері бар синергизм құбылысын көрсетеді.

Препараттың күніне екі рет пайдалану неліктен?

Генферон® лайт препаратын енгізген соң 12 сағат өткенде сарысулы интерферонның деңгейі төмендеуі оның қайталанып енгізілуіне байланысты болады.

Суппозиторийлердің 2° -ден 8° С-ге дейінгі температурада сақтау шарттарын қатаң түрде орындау қажет пе?

Сақтау шарттарын орындамау интерферонның биологиялық белсенділігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін, яғни былайша айтқанда препарат тиімсіз болып қалуы мүмкін. Тұрақтылықты зерттеу деректеріне сүйенсек, препарат өзінің емдік қасиеттерін (25° С аспайтын) бөлме температурасында 1 ай сақтайды екен.
Егер температура жоғары болған болса, онда препарат бүлініп кетуі ықтимал. Онда өкінішке орай, оның тиімділігіне біз кепілдік бере алмаймыз.
Есте болсын, суппозиторийлер әрдайым тоңазытқышта 2° ден 8° С-ге дейінгі температурада сақталуы тиіс.

Интерферон негізіндегі препараттарды қабылдағанда, организмдегі интерферонның өндірілуі төмендей ме?

Адамның интерферон-альфа рекомбинантты препараттарының, соның ішінде Генферон® лайт препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігіне жүргізілген көптеген зерттеулерге сай, анықталғаны: рч ИФНα2b тобындағы емдік дәрілердің оңтайлы пайдаланылуы иммундық жүйенің қалыптасуына және қолданысына ешқандай кері әсерлерін тигізбейді.
Бүгінгі таңда, экзогендік интерферонды енгізгенде, адамның өзінің организмінде интерферонның түзілуі төмендеп кеткен нақты деректер болған емес.
Оның үстіне, интерферон препараттарын тәулігіне 1 500 000 ХБ дейінгі дозада пайдаланып келе жатқан шамамен жарты ғасырлық мерзім ішінде сәл болса да қарсы әрекеттер мен иммундық жүйеде қолдану құбылыстарының патологиялық емделуімен астасқан әсердің болғандығы тіркелмеген.

Біздің контактілеріміз және кері байланыс

Осы нысанды толтырып, педиатрдан тегін консультация алыңыз:

Санкт-Петербург, Стрельна п., Байланыс көшесі, 34-үй, литер А

lite@genferon.ru

+7 (812) 380-49-33

+7 (812) 380-49-33

Әлеуметтік желілерде біздің топтарға жазылыңыз:

© 2011 — 2014 Сайттағы материалдарға барлық құқықтар «БИОКАД» ЖАҚ-на тиесілі

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЛСА, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІ ҚАЖЕТ

Бұл сайттағы ақпарат өз бетінше диагностикалауға және емдеуге пайдаланылмауы тиіс және де дәрігердің көзбе-көз берілген диагностикалауымен аламастырылмауы тиіс